Соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт қойды деген күдікті екі айға қамауға алынған. Мұндай шешімді Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты шығарған.
«Биыл 23 ақпандағы сот ұйғарымымен соталды тергеп-тексеру органының өтінішхаты қанағаттандырылып, күдікті Ж.-ға қатысты екі ай мерзімге «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды», деді қалалық сот.