21 Маусым, 2014

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 600

218 рет
көрсетілді
36 мин
оқу үшін
2014 жылғы 31 мамыр,   Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 2) «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 3) «Ақпарат таралып кететін техникалық арналарды және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды анықтау бойынша қызмет көрсетуге лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 4) «Ақпаратты жасырын алуға арналған арнайы техникалық құралдарды Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге қорытынды (рұқсат беретін құжат) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 5) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын Кеден одағының кедендік аумағына әкелуге және Кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге (рұқсат беретін құжат) қорытынды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 6) «Тауарларды ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарына және жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарға жатқызу тұрғысынан техникалық зерттеу жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты; 7) «Шифрлау (криптографиялық) құралдарын қамтитын тауарлардың (өнімдердің) сипаттамасы туралы нотификацияларды тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін. 2. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 50 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 12, 227-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы №600 қаулысымен бекітілген «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап: лицензия беру үшін – 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін – 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады, ол: 1) лицензия беру үшін – 20 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК); 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – 2 АЕК-ті; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін – 20 АЕК-ті құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді. Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады); 2) портал – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) лицензия алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді: лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; порталға: 1) лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі; 3) лицензияның телнұсқасын алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға жіберіледі (беріледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының салық органының есебінде тұрғаны, жеке басын куәландыратын құжат, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) мәлімделген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға соттың тыйым салуы; 6) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісінің анықталуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді. 3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33. Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02. Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. 12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгіне алады. 4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 13. Көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігі Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес ресімделуі тиіс. 14. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін ЭЦҚ болуы қажет. 15. Мемлекеттік қызмет көрсету орнының мекенжайы сондай-ақ ҰҚК-нің ресми интернет-ресурсында: www.knb.kz орналастырылған. 16. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталда көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен», сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушының және Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары арқылы алуға мүмкіндігі бар. 17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің байланыс телефондары: 8 (7172) 76-42-50, 76-42-18, 76-42-19, 76-42-39, 76-42-54, 76-42-55, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414. «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан _________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) _________________________________ (заңды тұлғаның толық атауы, БСН деректемелері) ӨТIНIШ ____________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн және кіші түр(лер)ін көрсету) ________________________________________________________________ жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және лицензияға қосымша(лар) беруiңiздi сұраймын ____________________________________________________________________. (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда, Х белгісі қойылады) Заңды мекенжайы ____________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі) Нақты мекенжайы ____________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, кеңсе нөмірі) Телефон, факс, электрондық почта_______________________________________ ________________________________________________________________ Банк шоты _________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) Филиалдары (өкiлдiктерi)________ ______________________________________ ________________________________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, телефоны, факсы, e-mail) _______________________________________________ парақ қоса берiлiп отыр. (оның ішінде жазбаша көрсету) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны расталады; осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі. Басшы ______________ _________________________________ (қолы) (Т.А.Ә.) Мөр орны Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________ (бар болса) Өтiнiш 20__ жылғы «__»__________ ___сағат___минутта қарауға қабылданды ______________________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан ________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) ________________________________ (салық төлеушінің атауы, дара кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлғаның Т.А.Ә., ЖСН/БСН) ӨТIНIШ ____________________________________________________________________ (қызметтiң түрiн және кіші түр(лер)ін көрсету) ____________________________________________________________________ жөніндегі қызметпен айналысу үшін қағаз жеткізгіште лицензия және лицензияға қосымша(лар) беруiңiздi сұраймын__________________________ _____________________________ _______________________________________. (лицензияны қағаз жеткізгіште алу қажет болған жағдайда Х белгісі қойылады) Тұрғылықты мекенжайы ______________________________________________ ____________________________________________________________________ (индексі, облысы, қаласы, ауданы, көшесі, үй нөмірі, пәтер нөмірі) Жеке басын куәландыратын құжат: түрі________________________________, сериясы_______________________, №___________________________________, ____________________________ берілді, берілген күні_____________________ Дара кәсіпкердің мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік: сериясы_____________, №_____________________________, _____________________________ берілді, (салық қызметі органының атауы) берілген күні_____________________ Банк шоты __________________________________________________________ (шот нөмірі, банктiң атауы және орналасқан жерi) _______________________________________________ парақ қоса берiлiп отыр (оның ішінде жазбаша түрде көрсету) Осымен: көрсетілген барлық деректердің ресми байланыстар болып табылатыны және оларға мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша кез келген ақпаратты жіберуге болатыны; көрсетілетін қызметті алушыға лицензияланатын қызмет түрімен айналысуға соттың тыйым салмағаны; қоса берілген құжаттардың барлығы жарамды болып табылатыны расталады; осы арқылы ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім беріледі. Дара кәсіпкер _______________________________________________________ ___________________________________________________________________ (салық төлеушінің атауы, қолы, Т.А.Ә.) Мөр орны Толтырылған күні 20__ жылғы «___»_________ (бар болса) Өтiнiш 20__ жылғы «__»__________ ___сағат___минутта қарауға қабылданды ________________________________________________________________ (өтінішті қабылдаған адамның қолы, Т.А.Ә.) «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөнiндегi қызметпен айналысу үшін лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Көрсетілетін қызметті алушының жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу, өндіру, жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны 1. Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзірлеу және өндіру жөніндегі қызметпен айналысу үшін: 1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат ___________________________________________________________________; (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету) 2) жоғары техникалық білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат ______________________________________________________________ (мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының көшірмесін(-лерін) қоса беріп, диплом(дар)ының ____________________________________________________________________; нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының атауын көрсету) 3) мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары рұқсатының болуы туралы ақпарат_________________________________________ (құжаттың көшірмесін қоса беріп, рұқсаттың деректемелерін: нөмірін, ________________________________________________________________________________ күнін және осы рұқсатты берген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының ______________________________________________________________________________; бөлімшесін көрсету) 4. техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдығының ең аз жинағының болуы туралы ақпарат_______________________________________ (осы құралдардың және жабдықтың меншік ____________________________________________________________________ құқығында болуын растайтын құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________________________________________; хатының деректемелерін: тіркеу нөмірін және күнін көрсету) 5) арнайы бөлінген өндірістік үй-жайдың болуы туралы ақпарат ____________________________________________________________________ (құжаттың көшірмесін қоса беріп, меншік құқығын немесе өзге заңды негізді растайтын ____________________________________________________________________; құжаттардың деректемелерін: құжаттың атауын, тіркеу нөмірін және күнін көрсету 6) әзірленіп жатқан және өндірілген арнайы техникалық құралдарды сақтау үшін арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат ____________________________________________________________________ (құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе өзге де заңды негізді ____________________________________________________________________ растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған ұйым(дар)мен автоматтандырылған күзет және ____________________________________________________________________ өрттен қорғау сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың ___________________________________________________________________ деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті ұйымдардың атауларын ____________________________________________________________________; көрсету) 2.Жедел iздестiру іс-шараларын жүргiзуге арналған арнайы техникалық құралдарды жөндеу және өткізу жөніндегі қызметпен айналысу үшін: 1) заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкердің мәртебесі туралы ақпарат ________________________________________________________________; (тіркеу туралы куәліктің нөмірін және берілген күнін көрсету) 2) жоғары техникалық білімі бар мәлімделген маман(дар) туралы ақпарат ______________________________________________________________ (мамандығын және біліктілігін, сондай-ақ диплом(дар)ының көшірмесін(лерін) қоса беріп, ____________________________________________________________________; диплом(дар)ының нөмірін, берілген күнін және орнын, оқу орнының атауын көрсету) 3) мәлімделген қызмет түрі бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтермен жұмыс жүргізуге Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары рұқсатының болуы туралы ақпарат _______________________________________________________________________________ (құжаттың көшірмесін қоса беріп, рұқсаттың деректемелерін: нөмірін, күнін және осы ______________________________________________________________________________; рұқсатты берген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшесін көрсету) 4) техникалық құралдардың және бақылау-өлшеу жабдығының ең аз жинағының болуы туралы ақпарат_______________________________________ (осы құралдардың және жабдықтың меншік ____________________________________________________________________ құқығында болуын растайтын құжаттарды қоса беріп, көрсетілетін қызметті алушы ____________________________________________________________________; хатының деректемелерін: тіркеу нөмірін және күнін көрсету) 5) арнайы бөлінген үй-жайдың болуы туралы ақпарат ________________________________________________________________ (құжатт(ард)ың көшірмесін(-лерін) қоса беріп, меншік құқығын немесе өзге заңды негізді ____________________________________________________________________ растайтын құжаттың, сондай-ақ мамандандырылған ұйым(дар)мен автоматтандырылған ____________________________________________________________________ күзет және өрттен қорғау сигнализация жүйелеріне қызмет көрсету туралы шартт(ард)ың ___________________________________________________________________ деректемелерін: тіркеу нөмірлерін және күндерін, сондай-ақ тиісті ұйымдардың атауларын ____________________________________________________________________ көрсету) Ескертпе: мәлімделген адамдардың білім деңгейін бағалау жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуге арналған арнайы техникалық құралдарды әзiрлеу, өндіру, жөндеу және өткізу бойынша біліктілік сынағының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады. Біліктілік сынағына арналған сұрақтар тізбесін көрсетілетін қызметті беруші белгілейді. Біліктілік сынағы көрсетілетін қызметті алушы қызметін жүзеге асыратын жері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің бөлімшесінде тапсырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 600 қаулысымен бекітілген «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – ҰҚК) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті ҰҚК (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беруді ҰҚК-нің Арнаулы ақпараттық қызметі, оның ішінде www.e.gov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы және www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады. 2. Мемлекеттiк қызметті көрсету тәртiбi 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ портал арқылы өтініш берген сәттен бастап: лицензия беру үшін – 15 жұмыс күні; лицензияны қайта ресімдеу үшін – 10 жұмыс күні; лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 жұмыс күні; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 20 минут. 5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған). 6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын әзiрлеуге және өткізуге (оның ішінде өзге де беруге) лицензия беру, оны қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру не электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін қағаз жеткізгіште алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық құжат нысанында ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен расталады. Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы арқылы куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі. 7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін лицензиялық алым алынады, ол: 1) лицензия беру үшін – 9 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – АЕК); 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін – 0,9 АЕК-ті; 3) лицензияның телнұсқасын беру үшін – 9 АЕК-ті құрайды. Мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін төлем екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша жүзеге асырылады, олар көрсетілетін қызметті алушыға төлемнің мөлшерін және күнін растайтын құжатты (түбіртекті) береді. Портал арқылы жүгінген кезде төлем «электрондық үкімет» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында, сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 09:00-ден бастап 19:00-ге дейін (өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады); 2) портал – тәулік бойы (техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) лицензия алу үшін: осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға (заңды тұлғалар үшін) не 2-қосымшаға (дара кәсіпкерлер үшін) сәйкес белгіленген нысандағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: лицензияның деректері көрсетілген лицензияны қайта ресімдеу туралы еркін нысандағы өтініш; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; 3) лицензия жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы порталда лицензия туралы мәліметтерді тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған кезде ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге мынадай құжаттарды ұсына отырып, жүгінеді: лицензияның телнұсқасын беру туралы еркін нысандағы өтініш. Қағаз жеткізгіште берілген лицензия бүлінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы лицензияның телнұсқасын алғанға дейін осыдан бұрын алынған лицензияның түпнұсқасын көрсетілетін қызметті берушіге қайтарады; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі; порталға: 1) лицензия алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер нысаны; 2) лицензияны қайта ресімдеу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі; 3) лицензияның телнұсқасын алу үшін: көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат сканерленген көшірме түрінде электрондық сұрау салуға қоса тіркеледі. Өтініштің көшірмесіндегі құжаттар топтамасының қабылданған күні, уақыты, қабылдаған адамның тегі және аты-жөні көрсетілген белгі көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініш бергенін растау болып табылады. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылған құжаттар тізімдеме бойынша қабылданады, оның көшірмесі құжаттарды қабылдаған күні туралы белгі қойылып, мемлекеттік қызметті алушыға жіберіледі (беріледі). Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижесін алу күні және уақыты көрсетіле отырып, хабарлама-есеп жіберіледі. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жарғы, көрсетілетін қызметті алушының заңды тұлға ретінде, дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік, көрсетілетін қызметті алушының салық органының есебінде тұрғаны, жеке басын куәландыратын құжат, лицензиялық алым (ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда) төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден портал арқылы уәкілетті адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында дербес алады. 10. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер: 1) Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілетін қызметті алушылардың осы санаты үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынуы; 2) мәлімделген қызмет түрімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның енгізілмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған мәлімделген қызмет түрімен айналысуға тыйым салатын заңды күшіне енген сот үкімінің болуы; 5) сот орындаушысының ұсынысы негізінде көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға соттың тыйым салуы; 6) ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісінің анықталуы болып табылады. Көрсетілетін қызметті алушы лицензия алу үшін жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасы тапсырылған сәттен бастап олардың толықтығын екі жұмыс күні ішінде тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту жөнінде дәлелді жауап береді. 3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымданған жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі. Шағымдар жазбаша нысанда почта байланысы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесіне сәйкес қабылданады, телефон 8 (7172) 76-42-30, 76-42-33. Шағымның көшірмесіндегі қабылданған күні, уақыты, шағымды қабылдаған адамның қолы, тегі және аты-жөні көрсетілген белгі шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Көрсетілетін қызметті берушінің сенім телефоны: 8 (7172) 76-42-02. Шағымды көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен расталған электрондық құжат нысанында портал арқылы беруге болады. Портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті берушінің өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту жөнінде жауап) өтініш туралы ақпаратқа көрсетілетін қызметті алушы «жеке кабинетінен» қол жеткізе алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс. Шағымды қарау нәтижелері туралы жауап көрсетілетін қызметті алушыға почта байланысы арқылы жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі. 12. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқ