Қоғам • 22 Ақпан, 2023

Қазақстанда пияз қоры жеткілікті ме?

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев ішкі нарықтағы пияз қоры жайлы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда пияз қоры жеткілікті ме?

Министрдің айтуынша, 2022 жылы Қазақстанда 1,2 млн тонна пияз жиналған.

«Пиязға келетін болсақ, өткен жылы 1,2 миллион тонна жинадық. Оның 1 млн-в Жамбыл облысында жиналды. Иә, біз суармалы жерлер бойынша да экспорттық әлеуетті арттыра аламыз. Бұл Жамбыл облысына қатысты. Ең бастысы, ішкі нарық пияз қорымен қамтамасыз етілген», деді Ербол Қарашөкеев журналистерге берген сұхбатында.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта пияздың жағдайы тұрақтанды. Министрдің мәліметінше, ел қорында шамамен 70 мың тонна пияз бар, оның 30 мыңнан астамы Жамбыл облысында сақталған.

«Жамбыл облысында көтерме баға 200 теңгені, Астанада - 260-300 теңгені құрайды. Дүкендерде - 300-360 теңге. Бағалар тұрақтанды. Қазір пияз экспортына тыйым салынды, біз жағдайды бақылап отырмыз», деп қосты Ербол Қарашөкеев.

Сондай-ақ аграрлық ведомство басшысы биыл пияз молынан егілетінін атап өтті.

«Біз пиязсыз қалмаймыз», деп түйіндеді министр.