Бүгін Ұлттық волонтерлер желісі Қазақстандағы Түркия елшілігі арқылы 8 тоннаны құраған гумантирлық көмекті Түркия Республикасына жолдады.
Сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісінің есепшотына 100 млн теңгеден астам қаржы жиналды.
Өңірлер бойынша 660 тонна гуманитарлық көмек жиналып (Алматы қаласы 50 т., Алматы облысы 68 т., Ақтөбе облысы 11 т., Қызылорда облысы 3 т., Түркістан облысы 25 т., Шымкент 50 т., Жамбыл облысы 400 т., Павлодар 7 т., ШҚО 10 т., қалған өңірлер 30 т. астам), оның 500 тоннасы Түркияға жіберілген.
Бұған қоса Қазақстан азаматтары Түркияға 150-ге жуық киіз үй жөнелтті.
Этномәдени орталықтар да үлес қосып, 125 млн теңге жинап берді. Этномәдени бірлестіктердің қолдауымен 54 млн 448 мың теңгені құрайтын тұрмысқа қажетті заттар Түркия Республикасына жолданды.
Бауырлас мемлекетте болған қайғылы оқиғаға байланысты халық жұмылып, блогерлер, кәсіпкерлер, волонтерлер, қоғам қайраткерлері, журналистер мен белсенді азаматтар өз үлесін қосып жатыр.
Мәселен, Қазақстандағы Түркия елшілігі AFAD қорына қазақстандықтар жинаған 3 млн АҚШ долларына жуық қаржы түскенін хабарлады.
Ұлттық волонтерлер желісі Түркияға көмек жіберуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz АҚДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ераға тұрған үйге ескерткіш-тақта орнатылды
Тұлға • Бүгін, 21:15
Мемлекет басшысы БАӘ Президентімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 20:56
Мемлекет басшысы Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 19:21
Қазақстанда алғаш рет жеке меншік этнографиялық музей ашылды
Музей • Бүгін, 17:43
ҰҚК Қырғызстанмен шекарадағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады
Қоғам • Бүгін, 16:16
Құлсарыда үйін су басқан тұрғындарға өтемақы төлене бастады
Қоғам • Бүгін, 14:35