20 Маусым, 2014

КazEOSat-2 жер серігі көкке сәтті көтерілді

391 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
каз0203АСТАНА. 20 маусым. 2014 жылдың 20 маусымы күні Астана уақыты бойынша түнгі сағат 01:11-де Орынбор облысындағы (Ресей) «Ясный» ұшыру базасынан КazEOSat-2 ұшырылды. Ол жерді қашықтықтан бақылайтын қазақстандық екінші спутник. Бұл туралы «24kz» хабарлады. КazEOSat-2 жерді 6,5 метр болатын 5 мультиспектралды каналдардан бақылауға мүмкіндік бермек. Ол еліміздің аумақтарынан түсірілімдер алуға, табиғи апаттарды күні бұрын болжауға, жер кадастрын жүргізуге және еліміздің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев бастаған қазақстандық делегация аппараттың ұшырылу барысын жақыннан бақылады. Талғат Мұсабаев: «KazEOSat-2 жерсерiгiн ұшыру арқылы бiздiң ел жердi қашықтықтан зондтаудың толыққанды ғарыш жүйесiне қол жеткiздi және заманауи ғарыш технологияларына ие мемлекеттермен бой түзедi, сонымен қатар, Қазақстанның ғарыш саласында жасалған серпiндi қадам болды»,– дедi. КazEOSat-2 «Днепр» зымыран-тасығышымен ұшырылды. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото:  «ҚазАқпарат».