20 Маусым, 2014

Шыңғыстауда Құнанбай туралы фильм түсіріледі

223 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жидебай-1Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында Құнанбай тура­лы көркем фильм түсірілетін бол­ды. Бұл жөнінде Семей қала­сы мәдениет және тілдерді дамы­ту бөлімінің бастығы Берік Көпбаев мәлімдеді. Қазақ халқының ұлы ағартушысы, хакім Абайдың әкесі туралы фильм биылғы шілде мен қыркүйек аралығында Қара­уыл жанындағы Қарашоқыда түсіріл­мек. Түсіру жұмыстарына қажетті қар­жы мемлекет тарапынан бөлінеді. Берік Көпбаевтың айтуынша, Семей қаласы түсіру жұмыстарына кем дегенде 20 киіз үй тігетін болады. Ал түсіру алаңына бар­лығы 150 киіз үй қажет. Фильм­нің кинорежиссері белгілі актер Досқан Жолжақсынов. Ол осы­ған дейін «Біржан сал» көркем филь­міне жетекшілік етіп, басты рөлде ойнаған болатын. Облыс әкімдігінің селекторлық оты­ры­сын­да фильмді түсіру бары­сын­дағы жұмыс көлемі және қажетті техникамен қамтама­сыз ету, өңір­дегі, аудандардың тарапынан көр­сетілетін көмек жағы қаралады. – 1 шілдеде Қарашоқыда об­лыс­­тың барлық аудандарының өкіл­дері жиналады. Түсіру жұ­мыс­тары аруақтарға бағышта­лып ас берілгеннен кейін бас­та­латын болады. Жалпы, бұл фильм бірнеше сериядан тұруы мүмкін, – деді Берік Көпбаев. Фильмге жетекші актерлер құрамымен бірге жергілікті әртістер де қатыстырылмақ. Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан». Шығыс Қазақстан облысы.