Әлем • 17 Ақпан, 2023

Түркиялықтар Қазақстан мен өзге елдердің құтқарушыларына алғыс білдірді

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Трабзонспор» клубының жанкүйерлері жойқын жер сілкінісінен кейін Түркияға көмекке келген құтқару топтарына алғыс айтты, деп хабарлайды Egemen.kz  Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.

Түркиялықтар Қазақстан мен өзге елдердің құтқарушыларына алғыс білдірді

Перформанс Конференция лигасының плей-офф кезеңінде түрік клубы мен швейцариялық «Базель» арасындағы ойын алдында болды.

«Әсерлі сюжет: құтқарушы, бала және ит. Протео атты ит қиранды астынан адамдарды іздестіріп, ақыры өзі де құрбан болады»,  деп жазды БАҚ Трабзондағы стадионда көрсетілген көріністі түсіндіріп.

Құтқарушының дулығасында үйінді астынан адамдарды іздестіру және құтқару үшін құтқарушылар жіберген елдердің туы бейнеленген. Алғыс тізімінде Қазақстанның туы да бар.

Соңғы мәліметтер бойынша, Түркия мен Сириядағы бірқатар жер сілкінісінен зардап шеккендердің саны 40 мыңнан асқан.