20 Маусым, 2014

Біліктілік байқауы

310 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
ENRC құрамына қарайтын (ERG еншілес компаниясы) «Қазхром» ТҰК «АҚ филиалы – Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшылардың кәсіби шеберлігін көрсете алатын «Үздік жас жұмысшы» атты ерекше байқау өтті. Байқауда еліміздің және ресейлік жас мамандар өз мамандықтары бойынша сынға  түсті.  МастерДГОК2Негізінде, бұл байқауға қа­тысу­шылардың барлығы да ком­па­ния­ның Ақсу және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттарының, Дөң, Жайрем кен байыту комбинат­тарының, «Қазмарганец» кен басқармасының, сондай-ақ, Ресей­дің Серов ферроқорытпа зауытының кәсіпорындарында өткен өңірлік іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары. Ал, өндірістік біліктілік жарыстары 5 мамандық түрлері бойынша өткізілді. Өз мамандықтарының білгірі атану үшін қырнаушылар, электр-газбен дәнекерлеушілер, электр көпірлі кран машинистері, электрмонтерлер өзара жарысты. Жас жұмысшы жастар теориялық білімдері мен тәжірибелік білікті­ліктерінің жоғары деңгейін көрсетті. – Елбасы бәрімізді, қазақстан­дық­тарды жалпыға ортақ еңбек қоғамын құруға шақырды. Мақсат – жұмысшы мамандықтарына деген құрметті қайта жандандыру, жұмыс адамының абыройын көтеру. Ал, біз өткізген  жұмысшы мамандықтарына арналған бұл байқаулар жастардың еңбек жолдарының қалыптасуына, өндірісте әрі қарай өз жолдарын табуларына мүмкіндік береді, – деп атап өтті «Қазхром» ТҰК» АҚ президенті Виктор Тиль. Токарь1Ал құрамында Дөң кен байыту комбинаты (Ақтөбе облысы,  Хромтау қ.),  «Қазмарганец» кен басқармасы (Қарағанды облысы), Ақсу (Павлодар облысы)  және Ақтөбе ферроқорытпа зауыттары бар алып «Қазхром» ферроқорытпа өндірісі, хром, марганец кенін өндіру  бойынша әлемде көшбасшы болып табылады. Алып компанияда 18 577 адам жұмыс жасауда. Сонымен, байқау барысында Ақсу ферроқорытпа зауытының өкілдері, яғни қырнаушы Денис Ковалев, электр-газбен дәнекерлеуші Валерий Максимов, көпірлі кран машинисі Лидия Кочубей көзге түсті. Электрмонтерлер арасында Дөң кен байыту комбинатының жұмысшысы Қанат Уразмурзин, ал, шеберлердің еңбек жарысында Дөңнің жұмысшысы Жасұлан Жаулыбаев, Артем Белкин (Серов ферроқорытпа зауыты) жеңіп шықты. Өндірістік байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». Павлодар облысы, Ақсу  қаласы.