20 Маусым, 2014

«Гранд» және «Бизнес» вагондарына жеңілдіктер

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тальго 2«Жолаушылар тасымалы» АҚ жүрдек жолаушылар пойыздарындағы қызметтердің қолжетімділігіне жағдай жасау үшін жұмыстар жүргізуде. Қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, сонымен қатар, жолау­шылардың сұраныстарын қана­ғаттандыру үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ №19/20 «Атырау – Астана», №77/78 «Алматы – Атырау», №87/88 «Ақтөбе – Астана» жолаушылар пойыздарының «Гранд» (СВ), «Бизнес» (купе) санатты вагондарында жүруге жеңілдіктер енгізеді. Ол дегеніміз, мереке алды және мереке күндерінен өзге, демалыс күндері тарифтер жұмыс күндерінің деңгейінде болады деген сөз. «Тұлпар-Тальго» пойызының «Гранд» (СВ) вагонында қосымша санитарлық желімен және жеке душ бөлімі бар бес екі орындық купе бар. «Бизнес» санатты вагондарда (жеке санитарлық желісі жоқ екі орындық) «Гранд» вагондары секілді жолаушылардың жайлылығы үшін отырғыштардың шынтақ таяныштарына жиналмалы шағын үстелдер орнатылады. Әр купе пойыз жолсерігімен байланыстыратын телефонмен жабдықталған. «Егемен-ақпарат».