20 Маусым, 2014

Жоғарғы өкілдердің халықаралық кездесуі

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің делегациясы қауіпсіздік мәселесіне жетекшілік ететін жоғарғы өкілдердің V халықаралық кездесуіне қатысты. Осы іс-шара Ресейдің Қауіп­сіз­дік Кеңесінің бастамасы бойын­ша Татарстанның астанасы – Қа­зан қаласында 60-тан астам мем­лекет өкілдерінің, сондай-ақ, ре­сейлік басшылықтың ресми тұл­ға­ларының қатысуымен өткізілді. Кездесудің күн тәртібіне жаһан­дық есірткі қатеріне қар­сы әрекет, заңсыз көші-қонды ұйымдасқан қыл­мыстық топ­тар­дың пайдалануы бойынша ха­лықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ, ақ­па­раттық қауіп­сіз­дікті қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-шара­ларды дамыту мәселелері қам­тылған.