Аймақтар • 15 Ақпан, 2023

Алматыда заңсыз берілген 16 гектар жер анықталды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда 7,3 млрд теңге көлемінде бюджет шығынының алды алынды. Бұл туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінен хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Алматыда заңсыз берілген 16 гектар жер анықталды

«Сатып алудың бірыңғай терезесі» жобасын жүзеге асыру аясында миллиардтаған теңге үнемделгені айтылды.

Агенттіктің Қоғамдық кеңесінің алаңнан тыс бірінші отырысы барысында Алматы қаласының қоғам белсенділері Агенттік пен азаматтық сектордың бірлескен жұмысының нәтижелерімен танысты.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жер қатынастары саласында жалпы құны 1,2 млрд теңге болатын 16 гектардан астам жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бұл ретте Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Бәшімов сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен қоғам арасындағы сындарлы серіктестіктің маңыздылығын атап өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов сыбайлас жемқорлықпен күресте азаматтық қоғамның ресурстарын пайдалану қажет деп қосты.

2023 жылы департамент жұмысының негізгі бағыты экология саласындағы проблемалық мәселелерді шешуге бағытталады.