20 Маусым, 2014

Жан-жақты пікірлер алмасылған кездесулер

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті жа­нын­дағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия делегациясы Вашингтон қаласына ресми сапар жасады. Сапар шеңберінде комиссияның хат­шысы Тастемір Әбішев пен оның мүшесі, Алматы заң кор­по­рациясының президенті Виталий Воронов АҚШ-тың ресми, құқық қорғау және сарапшы топтарымен кездесті. Кездесулерде Қазақстанда саяси да­му және адам құқықтары мен бостан­дық­тарын қорғау тетіктерін жетілдіру бойынша жан-жақты пікірлер алмасылды. Т.Әбішев пен В.Воронов америкалық әріптестеріне комиссия дайындаған «Қазақстандағы адам құқықтарының ахуалы туралы», «Қазақстандағы мигранттар құқықтарының ахуалы туралы» және «Қазақстандағы оралмандардың, аза­маттығы жоқ адамдардың және босқын­дардың құқықтарының ахуалы туралы» баяндамалардың тұсаукесерін  жасады. Сапар барысында қазақ­стан­дықтар АҚШ Мемлекеттік хатшысының Де­мократия, адам құқықтары және еңбек жөнінде көмекшісі Том Малиновскиймен, Хельсинки комиссиясының аппарат басшысы Дэвид Киллионмен және АҚШ-тың Халықаралық діни еркіндік жөнінде комиссиясы қызметкерлерімен кездесті. Сонымен қатар, қазақ­­стандық делегация АҚШ Кон­гре­­сінде комиссия қызметі мен оның адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын қорғау сала­сын­дағы заң жобаларын әзірлеуге қатысуы туралы брифинг өткізді. Т.Әбішев пен В.Воронов АҚШ-тың «Фридом Хаус» құқық қорғау мемлекеттік емес ұйымының президенті Дэвид Креймермен, «Ұлттық демократиялық инс­титутының» президенті Кеннет Вол­лакпен және «Америка заңгерлер ассо­циа­циясының» өкілдерімен кездесулер өткізді. Сапар шеңберінде қазақ­стан­дық құ­қық қор­ғаушылар «Джеймстаун» қоры ұйым­дас­тырған дөңгелек үстел басында баян­дама жасап, америкалық сарапшылардың көптеген сұрақ­тарына жауап берді. «Егемен-ақпарат».