20 Маусым, 2014

Түсіністік танытылды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Футбол феде­ра­циясының президенті Әділбек Жақ­сыбеков ФИФА-ның Даму бағдар­ламалары жөніндегі бас менеджері Ева Паскьені қабылдады, деп хабарлады Қазақстан Футбол федерациясының баспасөз қызметі. Кездесу барысында тараптар отандық футболдың жай-күйі мен оны дамытудың жолдары жайлы мәселелерді талқылады. ҚФФ пре­зиденті Әділбек Жақсыбеков Қазақ­станда халықаралық деңгей­дегі ірі турнирді ұйымдастыру туралы ұсыныс тастаған еді, бұ­ған қызығушылық танытқан Ева Паскье ФИФА бұл мәселені қарас­ты­ратынын айтты. Сапары барысында Ха­лық­аралық футбол федерациясының өкілдері Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы футбол нысандарымен танысатын болады.