Партия • 15 Ақпан, 2023

«Байтақ» құжаты талапқа сай

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына «Байтақ» жасылдар партиясы қоғамдық бірлестігінің партиялық тізімін тіркеу туралы» мәселе қаралды.

«Байтақ» құжаты талапқа сай

Жиынға «Байтақ» жасылдар пар­тиясының өкілдері, облыс­тар­дың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары бейнеконференция режімінде қосылды және бұқаралық ақпа­рат құралдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ Бас прокуратура, Әділет, Ішкі істер, Қар­жы министрліктерінің жауап­ты лауазымды тұлғалары, Еуро­падағы қауіпсіздік және ын­ты­мақтастық ұйымының Де­мо­кра­тиялық институттар және адам құ­қықтары бюро­сы­ның сайлау­ды байқау мис­сия­сының өкілі ша­қы­рыл­ды.

Орталық сайлау комис­сия­сы­ның төрағасы Нұрлан Әбдіров елі­міз­де тіркелген 7 саяси партия­ның барлығы партиялық тізімдер бойынша Парламент Мәжілісі депу­тат­тарының сайлауына қаты­су­ға жіберілгенін атап өтті. Сондай-ақ ол 7 ақпанда ОСК-ға Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлауға партиялық тізімді ұсыну туралы «Байтақ» жасылдар партиясының құжат­тары тапсырылғанын еске салды. Орталық сайлау комис­сиясы сайлау заңнамасына сәй­кес кандидаттардың Кон­сти­­туция және Сайлау туралы Консти­ту­циялық заңмен қо­йы­­латын талап­тар­ға сәйкес­тігін анықтау бойынша тиісті рәсімдер жүргізді.

Орталық сайлау комис­сия­сының мүшесі Сәбила Мұстафина «Қазақстан Респуб­ли­ка­сындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 89-бабына сәйкес тіркеуге бір саяси партиядан бір ғана тізім жіберілетінін, оған саяси партиялар арасында бөлінетін де­пу­тат­тық мандаттардың бел­гі­ленген санының 30 пайыздан аспайтын адамдар саны енгізілгенін хабарлады. Пар­тия­лық тізімде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар саны жиынтық бо­йынша оған енгізілген адам­дар­дың жалпы санының кемінде 30 па­йы­зын құрауға тиіс. Белгілі болғандай, «Байтақ» жасылдар партиясының 18 адамнан тұра­тын партиялық тізімді ұсын­ған. Тізімдегі 6 кандидат әйелдер, жас­тар және мүгедектігі бар адамдар санатқа жатады, яғни талапқа сәйкес 38,9 пайызды құрайды. Пар­тиялық тізімге енгі­зілген бар­лық адам Конституция мен сайлау туралы Конституциялық заң­ның талаптарына сәйкес келе­ді. Сәбила Мұстафина пар­тия­лық тізімдерді ұсынған сая­си партиялар партиялық тізім­ге енгізілген әрбір адам үшін заңнамада белгіленген ең тө­менгі жалақының он бес есе­ленген мөлшерінде Орталық сайлау комиссиясының шотына сайлау жарнасын енгізетінін хабарлады. Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайызын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаң­тар­да өткен Парламент Мәжі­лісі депутаттарының сайлауы­­­на «Байтақ» жасылдар партиясы қа­тыс­қан жоқ. Осыған байланыс­ты аталған партия 18 млн 900 мың теңге сайлау жарнасын төледі.

Комиссия мүшелері сәй­кес­тік­ті анықтау және тіркеу туралы тиісті хаттамаларға қол қой­ған­нан кейін «2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Пар­ламент Мәжілісі депутат­та­рының кезектен тыс сайлауында «Байтақ» жасылдар пар­тия­сы­ның қоғамдық бірлес­ті­гі­нің партиялық тізімін тіркеу туралы» қаулы қабылдады. Тір­келген кандидаттар тиісті куә­лік­терін алды.