Оқиға • 14 Ақпан, 2023

Министрлік Петропавлдағы мектепте болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев оқушыларға жасалған шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министрлік Петропавлдағы мектепте болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді

«Тергеу жұмыстары барысында шабуыл жасаған оқушының дорбасында қолдан жасалған маска табылды. Ол 9-сынып оқушысы екені анықталды. Ол дәретханада масканы киіп алып, содан кейін балтамен дәлізге жүгірді. Бір оқушыны екі рет иығынан ұрған, сосын бір қызды, тағы бір оқушыны жарақаттаған», деді Марат Қожаев Үкімет отырысында.

Оның айтуынша, шабуыл жасаған адамды жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдер ұстаған. Екі бала ауруханада жатыр, жағдайлары тұрақты. Біреуі тексеруден кейін үйіне жіберілді. Полиция оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта №4 орта мектепте 2 ауысым, барлығы 39 сынып, 984 оқушы бар. Мектепте жалпы 70 мұғалім жұмыс істейді, оның бірі - психолог. Мектеп ғимаратында және оған іргелес аумақта 42 бейнебақылау камерасы мен 5 дүрбелең түймесі орнатылған.

«Тергеу барысы бақылауға алынды, оның қорытындысы бойынша қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайларды және басқа да анықталған заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсыныс жасалады», деп қорытындылады Марат Қожаев.

Айта кетейік, 13 ақпан күні сағат 08:00 шамасында Петропавлдағы №4 мектепте 9-сынып оқушысы балтамен оқушыларға шабуыл жасаған.

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Кеше

Акция аясындағы ауқымды жұмыс

«Таза Қазақстан» • Кеше

Онлайн сайлау жүйесі

Ғалам ғажаптары • Кеше

Қан алатын робот

Ғалам ғажаптары • Кеше

Апаттан аман қалған балалар

Ғалам ғажаптары • Кеше

«Сарығыз» тазы көрмеге барады

Мәдениет • 01 Тамыз, 2025

Даңғыл көпір

Мереке • 01 Тамыз, 2025

Абай тойы басталды

Абай • 01 Тамыз, 2025