Әлем • 14 Ақпан, 2023

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қалалар жойылады

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркияның Газиантеп провинциясындағы Нұрдағы қаласы толығымен жойылады, деп жазады Egemen.kz KZ РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қалалар жойылады

Қаланың толық жойылатыны туралы бүгін губернатор міндетін атқарушы Осман Бильгин хабарлады.

Саясаткер үйінді астында адамдар болуы мүмкін соңғы сегіз үйде іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.

«Біз орасан зор апатты басымыздан кештік. Біз қала құрылысы министрі Куруммен бірлесіп шешім қабылдадық: барлық үйінділерді қопарамыз. Біз бір ғана үйдің қирандыларының астынан 150 адамның мәйітін таптық. Қала толығымен қайта тұрғызылады», дейді Бильгин түрік телеарнасының эфирінде.

Қала тұрғындарының саны кемінде 40 мың адам болғаны қоса хабарланды.