19 Маусым, 2014

Оңтүстік Корея президентінің сапары барысында бірқатар меморандумға қол қойылды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
memorandum03АСТАНА. 19 маусым. Оңтүстік Корея басшысының мемлекетімізге сапары шеңберінде екі ел үкіметтері арасында бірнеше маңызды құжаттарға қол қойылды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Нақтылай айтқанда,  «Балқаш ЖЭС» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Сук Вон Ким мен KEGOC акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Бақытжан Қажиев жаңадан іске қосылатын өндіруші қондырғылардың электр қуатын әзірлікте ұстап тұруға қатысты көрсетілетін қызметті сатып алуға арналған ұзақмерзімді шартқа қол қойды. Бұдан бөлек, Әділет министрлігі мен Корея Республикасы мемлекеттік заңнама министрлігі арасында,  сондай-ақ, Білім және ғылым министрлігі мен Кореяның Ғылыми ақпараттық-комуникациялық технологиялар және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды. Сонымен қатар, Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі мен Кореяның Орман шаруашылығы қызметі арасында өзара ынтымақтастыққа негізделген меморандум бекітілді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: mgorod.kz.