19 Маусым, 2014

Еліміз бен Оңтүстік Корея арасындағы тауар айналымы 1,5 млрд. долларға жетті

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
PakАСТАНА. 19 маусым. Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз жоғары деңгейге көтерілді. Мемлекет басшысы Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хемен кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында осылай деді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Мемлекет басшысы: «Біздің энергетика, автомобиль жасау, машина жасау, құрылыс, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау, сонымен бірге білім мен ғылым салаларындағы өзара іс-қиылдарымыз жоғары деңгейде. Тауар айналымы 1,5 млрд. АҚШ долларына  жетті», – деді. Сондай-ақ,  Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасының Солтүстік Кореяның ядролық қаруға ие болуына қарсылығын құптайтындығын білдірді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: «ҚазАқпарат».