19 Маусым, 2014

Ақмола облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

240 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Akmola03АСТАНА. 19 маусым. Ақмола облысының басшысы С.В. Кулагиннің өкімімен Қадырхан Махмұтұлы Отаров облыс әкімінің орынбасары лауазымына бекітілді. Бұл туралы akmo.gov.kz хабарлады. Қ.Отаров 1953 жылы Ақтөбе облысы Шалқар ауданында туған. Жоғары білімді. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылық институтын бітірген. Мамандығы – зоотехник. Ауылшаруашылық ғылымының кандидаты. Еңбек жолын 1975 жылы Ақтөбе облысы «Хлебодаровский» кеңшарының зоотехник-селекционері болып бастаған. Бас зоотехник қызметінен бастап Ақтөбе облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы лауазымына дейінгі еңбек жолынан өткен. 1994 жылы Ауыл шаруашылығы вице-министрі лауазымына тағайындалса, 1999 жылғы қарашадан бастап Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарды. Кейінгі жылдарда Жер ресурстарын басқару агенттігінің төрағасы, Өңірлік даму министрлігі жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы болды. «Құрмет», «Парасат», ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерімен және 4 рет мерейтойлық медальмен марапатталған. Жолдыбай Базар. Дереккөз: akmo.gov.kz. Фото:  akmo.gov.kz.