Қазақстан • 11 Ақпан, 2023

Қазақстан құтқарушылары Түркияда құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

326 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгінге дейін Қазақстан ТЖМ құтқарушылары 7 адамды құтқарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан құтқарушылары Түркияда құтқару жұмыстарын жалғастырып жатыр

Қайтыс болған 19  адамның, оның ішінде бір баланың денесі үйінді астынан шығарылды.

«Газиантеп қаласында пневмокаркасты модуль негізінде медициналық бекет орнатылды, ол жеке құрамды жылыту үшін де қолданылады. Күніне орта есеппен 35-тен астам зардап шеккен адам медициналық көмекке жүгінеді», деп жазылған хабарламада.