Қоғам • 10 Ақпан, 2023

Тұрғын үй субсидиясын қалай алуға болады?

352 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Биыл 70 мыңға жуық Қазақстан азаматының пәтер жалдау ақысының жартысын мемлекет субсидиялайды, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғын үй субсидиясын қалай алуға болады?

Ведомствоның хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жекелеген санаттарға жататын азаматтардың мәселесін жеделдетіп шешу үшін қазір елімізде жеке тұрғын үй қорындағы баспананың жалға алу ақысын субсидиялау тетігі іске асырылып жатыр.

«Биыл осы мақсатқа 50 млрд теңге бөлінеді. Бұл 70 мыңға жуық адамды қамтуға мүмкіндік беріп, олардың баспананы жалға алудағы төлемінің 50 пайызын өтеуге септеседі», делінген хабарламада.

Аталған бағдарламаға қатысу үшін Otbasybank.kz платформасына өтініш жіберу қажет.

«Субсидиялауға өтініштер электронды цифрлы қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қабылданады. Сонымен қатар жалға берілетін тұрғын үйді азаматтар өздері іздеп, таңдауы тиіс. «Отбасы банк» тұрғын үйді жалға алу бойынша субсидияларды жалдау шартының қолданылу мерзімі мен төлемдердің кестесіне сәйкес ай сайын төлейді», делінген министрлік хабарламасында.

Жалға алу төлемдері бойынша мемлекеттік субсидияны алуға келесі санаттағы адамдар үміткер бола алады:

  • I және II топтағы мүгедектер;
  • мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
  • жетім балалар;
  • көп балалы отбасылар.

Бұл ретте, үміткер отбасылардың кейінгі 6 айдағы орта айлық жиынтық табысының мөлшері жанұяның әр мүшесіне шаққанда ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспауға тиіс. Отбасы банкі субсидия алушылардың сәйкестігіне мониторинг жүргізіп, ай сайын төлем тәртібін қадағалайды. Ал жергілікті әкімдіктер кемінде тоқсанына бір рет жалға берілетін тұрғын үйді тексеріп отырады.

«Бұл орайда жақын туыстарынан, бұрын некеде тұрған жұбайларынан және ерлі-зайыптылардың туыстарынан тұрғын үйді жалға алуға, сондай-ақ аталған баспананы қайта жалдауға өткізуге тыйым салынады», деп ескертеді ведомство өкілдері. 

Соңғы жаңалықтар

Президент Минск қаласына барды

Президент • 26 Маусым, 2025

БҚО тілшілері тапанша атып жарысты

Аймақтар • 26 Маусым, 2025

Ұрпақ жадына көшкен ерлік

Тарих • 26 Маусым, 2025

Сурет пен дыбыс симфониясы

Мәдениет • 26 Маусым, 2025

Қызылорданың газ әлеуеті артып келеді

Энергетика • 26 Маусым, 2025

Қырғызстанда жер сілкінді

Әлем • 26 Маусым, 2025