Түркияның Хатай провинциясының жағалауында 4,4 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабар таратты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер асты дүмпулері Астана уақыты бойынша сағат 04:29-да тіркелді. Жер сілкінісі Жерорта теңізінің жағалауында Түркияның Сириямен шекарасында орналасқан Яладага ауданынан 50,7 шақырым жерде болды. Зілзаланың ошағы 44,17 км тереңдікте орналасқан.
Сондай-ақ Түркияның орталық бөлігінде 5,3 балдық жер сілкінісі болды. Дүмпулер Астана уақытымен сағат 09:13-те тіркелді. Эпицентрі Гельбашы ауданынан 5 шақырым жерде болса, ошағы 2 шақырым тереңдікте жатты.
Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияның оңтүстік-шығысында Сирияның бірнеше провинцияларына әсер еткен бірқатар жер сілкінісі болды. Жер асты дүмпулерінің магнитудасы 7-ден асты.
Премьер-министр кандидатурасын сайлауда жеңіске жеткен партия ұсынады – Қ.Тоқаев
Саясат • Бүгін, 11:16
Үкімет шын мәнінде есеп беретін Үкіметке айналады - Мемлекет басшысы
Саясат • Бүгін, 11:07
Мемлекеттік қарызды өтеу шығыны артып барады - Президент
Президент • Бүгін, 11:06
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетті
Үкімет • Бүгін, 10:57
«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайта беріледі
Мәдениет • Бүгін, 10:50
Сайлауда жеңген Amanat партиясы белсенді болады деп сенемін - Тоқаев
Президент • Бүгін, 10:49
Ұқсас жаңалықтар