Спорт • 06 Ақпан, 2023

Іріктеуден өтпеді

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогінің іріктеу турниріне қатысу үшін Чилидің Ла-Серена қаласына сапар шегіп, жергілікті теннисшілермен күш сынасқан еді.

Іріктеуден өтпеді

Алғашқы күннің нәтижесінде таразы басы теңселіп тұрды. Тұсаукесер кездесуде Тимофей Скатов Кристиан Гаринды ұтса, Александр Бублик Николас Ярриге есе жіберді. Келесі күн біз үшін көңілсіздеу басталды. Жұптық сайыста Андрей Голубев пен Александр Недовесов Алехандро Табило мен Томас Барриоске 4:6, 5:7 есебімен жол берді. Десек те аталған жарыстың финалдық бө­лігіне жолдама аламыз деген үмітіміз әлі де үзілген жоқ еді. Өйткені төртінші кездесуде әлемдік рейтингте 50-орында тұрған Бублик АТР тізімінде 102-сатыға жайғасқан Гаринмен шеберлік байқасты. Бұл матчта Александрдың мерейі үстем болатынына ешкімнің күмәні болмады. Бірақ шешуші тұста жерлесіміз білгенінен жаңылды. Үш сеттік сайыс 4:6, 6:3, 3:6 есебімен чилилік ойын­шының пайдасына шешілді. Сөйтіп, Қазақстан теннисшілері үшін бұл жарыс аяқталды.