Саясат • 06 Ақпан, 2023

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінің күн тәртібі бекітілді

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«AMANAT» партиясы Саяси кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«AMANAT» партиясының кезектен тыс Съезінің күн тәртібі бекітілді
Кеңес қаулысымен кезектен тыс XXV Съездің күн тәртібі бекітілді:
  1. Партия Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу;
  2. Партиялық тізімдер және бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаттарды бекіту;
  3. Партияның сайлауалды бағдарламасын талқылау.

Еске салайық, партия Төрағасы Ерлан Қошановтың шешімімен «AMANAT»-тың Съезі 7 ақпанда Астана қаласында өтеді. Съезд жұмысына еліміздің барлық өңірінен делегаттар қатысады.