Тарих • 30 Қаңтар, 2023

Конгресс кітапханасында сақталған

800 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

АҚШ Конгресінің Ашық кітапханасынан қазаққа қатысты деректер ізде­генімізде, көптеген құн­ды су­рет тауып едік, бү­гін солардың екеуін оқыр­­­манға ұсынған­ды жөн көрдік.

Конгресс кітапханасында сақталған

Бірінші суреттің аты – Зайсан постындағы Жеменей шатқалы. Туынды 1875 жылғы аталған шатқал көрінісінің бір сәтін бейнелеп тұр. 

фвыа

Ал осы суреттің астына «1874-75 жылдары Ресей үкі­меті Қытай нарығына баратын жаңа құрлық жолдарын іздестіру, сауданың ұлғаю түйін­дері, консулдықтар мен зауыттардың орналасу орындары туралы есеп беру және сол кезде өршіп тұрған дүнген көтерілісі туралы ақпарат жи­науға Қытайға зерттеу және сау­­да миссиясын жіберді. Батыс Қытайдың бөліктері. Армия Бас штабының подполковнигі Юлиан А.Сосновский басқар­ған тоғыз адамнан тұратын арнаулы делегация топограф, капитан Матусовский; ғы­лыми қызметкер, доктор Павел Яков­левич Пиасецкий; қытай және орыс аудармашылары; үш казак солдаты және фотограф Адольф Эразмович Боярский тағы басқалардан құралған. Олардың мақсаты Санкт-Петербургтен Ұлан-Батыр (Моңғолия), Бейжің және Тяньцзинь арқылы Шанхайға, одан кейін Янцзы өзенінің бойымен, Құмылды басып, Ұлы Жібек жолын ендей өтіп, Зайсан көліне, Ресейге қайта оралу болатын. Боярский осы кезеңдегі Қытайды зерттеу үшін бірегей ресурс болып табылатын 200-ге жуық фотосурет түсіреді. Фото­суреттердің көпшілігі осы альбомға енгі­зілген, кейінірек ол Бразилия императоры II Педро жинаған және ол Бразилияның Ұлттық кітапханасына берген Тереза Кристина Мария жинағының бір бөлігі болды», деген түсін­дірме берілген.

Ал келесі бір сурет «Қара-Мәлі» деп аталыпты да, «Ескі қаладан Зайсанға барар жолда, Қазақстан, 1875 жыл» деген тақырыппен сақталған екен. Одан кейінгі суреттің қай­дан, қалай түсірілгені туралы берілген түсіндірме жоға­ры­да­ғымен ұқсас. Маңыз­ды­сы, атал­ған екі сурет те «Бразилия Ұлт­тық кітапханасы қорынан алынды», делінген.