Әлем • 30 Қаңтар, 2023

Пәкістандағы мешітте жарылыс болды

354 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дүйсенбі күні Ауғанстан шекарасына жақын Пәкістанның солтүстік-батысындағы Пешавар қаласындағы мешітте жарылыс болды. Салдарынан 32 адам қаза тауып, кем дегенде 147 адам жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Пәкістандағы мешітте жарылыс болды

Дүйсенбі күні Пәкістанның Пешавар қаласындағы халық көп жиналған мешітте жанкешті жарылыс болып, 32 адам қаза тапты.

Шабуыл исламшыл содырлар әлі де белсенді болып жатқан қалада полицияға қарсы жасалған. Зардап шеккендердің көбі түскі намазға жиналған полиция қызметкерлері еді.

Кем дегенде 147 адам жарақат алды, олардың көпшілігі ауыр халде.

Елдің премьер-министрі Шахбаз Шариф жарылысты жанкешті шабуыл деп атады. Полиция офицері Сикандар Ханның айтуынша, мешітте кем дегенде 260 адам болған.

Соңғы жаңалықтар

ЮНЕСКО марапаттаған Мансұров

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Алғашқы PhD

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Мұқтаждың мұңын кім тыңдар?

Қоғам • Бүгін, 07:58

Электр стансасы салынады

Аймақтар • Бүгін, 07:48

Нобельді 2 рет алған ғалым

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:43

Ұлылар дәм татқан табақ

Жәдігер • Бүгін, 07:37