Қоғам • 29 Қаңтар, 2023

Кадетке қажетті тағылымдама

370 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Щучье қаласында орналасқан Шоқан Уәлиханов атын­дағы Қорғаныс министрлігі әскери колледжінің кадеттері Құрлық әскерлерінің құрамалары мен бөлім­дерінде әскери тәжірибеден өтеді.

Кадетке қажетті тағылымдама

Оқу бағдарламасына сәй­кес 2-курстың 180-ге жуық кур­­санты мотоатқыштар, танк жә­не ар­тиллериялық бөлімше­лерде, сондай-ақ теңіз жаяу әс­­кері құрамасында бөлімше коман­дирі лауазымдарында әс­кери тағылымдамадан өтеді. Тәжірибе бөлімшелерді үйлес­тіру кезеңінде ұйымдастыры­лып отыр. Бұл өз кезегінде бола­шақ сержанттарға әскерлерді даяр­лау және жауынгерлік қолда­ну ерекшеліктерімен тікелей та­нысуға мүмкіндік береді.

Бір ай ішінде олар күнделікті және оқу-жауынгерлік қызмет үдерісінде жеке құрамды бас­қарудың негіздерін игеруі керек. Курсанттар тағылымдама барысында бағыныстыларды өз бетінше басқаруға, жауынгерлік даярлық, қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалану бойынша сабақтар өткізуге тәжірибе алады. Сондай-ақ көшбасшылық және командирлік қабілеттерін жетілдіреді.

– Бұл мен үшін де, курстас­тарым үшін де оқу орнында ал­ған теориялық білімімізді тексеру­ге және тәжірибеде қол­дануға тамаша мүмкіндік. Мұнда ­казар­малар мен полигондарда жеке құрамды бас­қара оты­рып, біз сержанттар жұмысының қаншалық­ты маңызды екенін түсінеміз. Қа­зірдің өзінде  сарбаздар­ға үлгі бо­луға тырысамыз, – деді 4-меха­никаландырылған құра­мада тағылымдамадан өтіп жат­қан кадет Расул Бердалиев.

Ш.Уәли­ханов атындағы Қор­ғаныс ми­нис­трлігінің әскери колледжі кәсіби сержанттар мектебі болып саналады. Бұл жерде Құр­лық әскерлерінің бө­лімшелері үшін кіші коман­дирлерді даяр­лау бойынша бі­лім беру бағ­дарламаларын іс­ке асырады. Жас­өспірімдер ­оқу орнына орта білім алғаннан ­ке­йін (орта мек­тептің 11-сыныбы) түсе алады.

Іріктеу медициналық куә­­ландыру, кәсіптік-психо­ло­гия­­лық тестілеу және дене­шы­нықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру жолымен аттестаттың орташа балы ескеріле отырып жүргізіледі. Әскери колледжді бітіргеннен ке­йін түлектер «сержант» әскери атағын, «әскери істегі кіші буын менеджменті» мамандығын, сыныптық біліктілігін алады және келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру үшін Қарулы Күштерге жіберіледі. 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше