Аймақтар • 25 Қаңтар, 2023

Ынтымақтастыққа жол салынды

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаров Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевпен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екіжақты кездесу «Астана» Халықаралық қаржы орталығында болды.

Ынтымақтастыққа жол салынды

Кездесу барысында тараптар Солтүстік Қазақстан облысы мен Саха Республикасы арасындағы ұзақмерзімдік тиімді ынтымақтастықты дамыту және нығайту жолдарын талқылады. Айдарбек Сапаров екіжақты ынтымақтастықтардың жемісті боларына сенім білдіре отырып, Солтүстік Қазақстан облысына Саха Республикасының инвесторлары келіп, бірлескен жобаларды іске асыруға ықыласты екенін жеткізді. Сонымен бірге Айдарбек Сапаров Айсен Николаевты аймақтың экономикалық әлеуетімен, іске асырылып жатқан жобалармен таныстырып, сауда, ауылшаруашылығы және өнеркәсіп салалары бойынша екіжаққа тиімді ұсыныстар жасады. Өз кезегінде Айсен Николаев ұсынылған пікірлерді қолдайтынын жеткізе келіп, олардың өзара тиімді ынтымақтастықтарға бастарына сенім білдірді.