Үкімет • 25 Қаңтар, 2023

Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысы өтті

31 рет көрсетілді

Премьер-министр Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Президент Әкімшілігі, Ұлттық банк және Бас прокуратура басшыларының қатысуымен Экономикалық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қатысушылар Президент алға қойған міндеттерге сәйкес әзірленген елден заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады. Онда активтерді заңсыз шығаруға ықпал еткен шарттарды жоюға, оларды ерікті түрде қайтаруды ынталандыруға немесе мәжбүрлі түрде қайтару бастамасын көтеруге және т. б. бағытталған нормалар қарастырылған. 

Уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін талдау нәтижелері бойынша активтер туралы арнайы декларацияны тапсыратын тұлғалардың шектеулі тізілімін құру жоспарланып отыр. Активтердің иесі олардың шығу тегін растай алмаған жағдайда негізсіз сатып алынған деп танылады және мемлекет кірісіне айналады. 

Келіп түсетін активтерді Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобаларды қаржыландыру үшін пайдалану көзделген. 

Премьер-министр Әділет министрлігіне айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып, заң жобасын мұқият пысықтауды жалғастыруды тапсырды. 

Сонымен қатар отырыста ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Дипломатияның даму жолдары

Саясат • Бүгін, 08:58

Сөз өнерінің суреткері

Қоғам • Бүгін, 08:50

Еңбек құқығы қорғалады

Еңбек • Бүгін, 08:45

Су басу қаупі жоқ

Төтенше жағдай • Бүгін, 08:40

Ауылға әл беретін несие

Ауыл • Бүгін, 08:30

Бағыты айқын «Respublica»

Партия • Кеше

Ауыл жоқшысы

Отбасы • Кеше

Парасатты полиция

Қоғам • Кеше

Іс көп, судья аз

Құқық • Кеше

Аспалы жолда абайла!

Аймақтар • Кеше

Апатты жағдайдың алдын алды

Төтенше жағдай • Кеше

Тасқынға – тосқын

Аймақтар • Кеше

Сағи жыры

Әдебиет • Кеше

Мәңгіліктің елесі

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар