Теннис • 24 Қаңтар, 2023

Қазақстандық жұп Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

280 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Калькутта қаласында жастар арасында екінші санаттағы ITF Juniors J200 турнирі мәресіне жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық жұп Үндістандағы жарыстың жеңімпазы атанды

Қазақстандықтар Ерасыл Ерділдә мен Виталий Зацепин жұптық сында үздік шықты.

Қазақстандық дуэт финалда жапониялық Сатора Накаджима – филиппиндік Джоа Рей Поскуаны 6:2, 7:5 есебімен ұтты.

Қыздар арасында Асылжан Арыстанбекова жекелей сында ширек финалға дейін жетті. Ал Айя Нұпбаймен бірге жұптық сында жартылай финалда қарсыластарына есе жіберді.

Литвада 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысында Ярослав Пшеничный жұптық сында финалист атанды. Ол латвиялық Томас Далдериспен бірге соңғы бәсекеде ғана эстониялықтар Кен Инка – Лукас Раудкивиге жол берді. Есеп – 2:6, 4:6.

Соңғы жаңалықтар

Наурызнама: Бүгін – Жаңару күні

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Мемлекетшіл жұмыс жалғасады

Саясат • Бүгін, 08:55

Елді еңселендіретін қадам

Пікір • Бүгін, 08:50

Жасампаздық бастауы

Пікір • Бүгін, 08:38

Қоғам өміріндегі өзгеріс

Пікір • Бүгін, 08:33

Дәтке қуат жасанды бүйрек

Медицина • Бүгін, 08:30