Әлем • 23 Қаңтар, 2023

Оңтүстік Калифорниядағы атыстан 10 адам қайтыс болды

238 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оңтүстік Калифорниядағы Монтерей саябағында сенбіге қараған түні атыс болып, он адам қайтыс болды. Бұл туралы Лос-Анджелес округінің полиция департаменті хабарлады, жазады Egemen.kz.

Оңтүстік Калифорниядағы атыстан 10 адам қайтыс болды

Оқиға жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 22:00-ден кейін би студиясында болған. Қайтыс болған адамдардан басқа жараланғандар да бар. Олар жергілікті ауруханаларға жеткізілді.

Куәгерлердің айтуынша, қарулы адам ұзын ұңғылы қарудан оқ жаудырған. Күдіктінің қамауға алынғаны жайлы ақпарат әлі жарияланған жоқ.