Спорт • 23 Қаңтар, 2023

«Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді

178 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англия чемпионатының 21-турында «Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz Prosports.kz-ке сілтеме жасап.

«Арсенал» өз алаңында «Манчестер Юнайтедті» жеңді

Ойын 3:2 есебімен аяқталды. «Арсенал» 50 ұпаймен АПЛ-дың турнирлік кестесінде бірінші орынға тұрақтады.

Лондон командасы екінші орындағы «Манчестер Ситиден» 5 ұпай ұзап кетті. Оның үстіне «Арсенал» манчестерлік командадан бір ойын кем өткізген. «Манчестер Юнайтед» 39 ұпаймен төртінші орынға жайғасты.