13 Маусым, 2014

Кеңес аясындағы кездесулер

202 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
12-06-06 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­стан Президенті жанын­дағы Шетел инвесторлары кеңе­сінің аясында Еуропа Қай­та құру және даму банкі­нің президенті Сума Чакра­бар­тимен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі. Кездесу барысында банктің Қазақстандағы қызметі, соның ішінде еліміздегі түрлі жобаларды жүзеге асыруға қатысу мәселелері талқыланды. Мемлекет басшысы Қазақстан мен ЕҚДБ арасында серіктестік туралы негіздемелік уағдаластық жасалғанын, ол біздің ел мен атал­ған қаржы ұйымының ынты­мақтастығын кеңейтуге зор мүм­кіндіктер тудыратынын атап өтті. – Қазақстан экономиканы дамытуға 1 триллион 600 миллиард теңге бөледі, осынша сомадағы инвестициялар өзге көздерден де тартылатын болады. Мен Банктің Қазақстанмен жемісті жұмыс істегенін білемін. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенемін, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. ЕҚДБ Орталық Еуропадан Орталық Азияға дейінгі 34 елде, сондай-ақ, Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі мемлекеттерінде жобаларды қаржыландырады. *** 12-06-07 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Тойота Мотор Корпорэйшн» компаниясының басқарма төрағасы Такеши Учиямадамен кездесті. Кездесуде Н.Назарбаев пен Т. Учиямада елімізде автомобиль өнеркәсібін дамыту, соның ішінде осы «Тойота» маркалы автомобильдерді Қазақстан аумағында өндіру мәселелерін талқылады. «Тойота Мотор Корпорэйшн» – автомобиль құрастырушы жапониялық ірі корпорация. Ол қаржылық қызметтер де ұсынып, бизнестің өзге де бағыттарында жұмыс істейді. Компания қызметкерлерінің саны 320 мың адамнан асады. *** 12-06-08 Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назар­баев Қазақстан Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесі аясында «Шелл» концернінің бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен кездесті. Кездесу барысында елдің мұнай және газ саласын әрі қарай дамыту және негізгі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Түрлі энергетикалық және мұнай-химия кәсіп­орын­дарын біріктіретін «Шелл» халықаралық кон­цер­ні Қазақстанның мұнай-газ саласындағы ірі инвестор болып саналады.