Қазақстан • 19 Қаңтар, 2023

Лифтіде жұбайын соққыға жыққан елордалық қамауға алынды

235 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

42 жастағы ер адам лифтіге кірген соң, әйелін балағат сөздермен қорқытып, ұрғаны анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Лифтіде жұбайын соққыға жыққан елордалық қамауға алынды

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол көтеруі емес. Аталған факті бойынша құқық бұзушыға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге қамауға алынды. Қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейту мақсатында елордалық полиция департаментінің қызметкерлері әрбір учаскеде барынша пысықтауды жүргізеді», деп жазылған хабарламада.