Экономика • 19 Қаңтар, 2023

Азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттады

593 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сарапшылар 2022 жылы азық-түлік бағасы қалай өскенін зерттеді. Зерттеуге сәйкес, желтоқсан айында азық-түлік бағасы 1,6 пайызға, ал жылына 25,3 пайызға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азық-түлік бағасы 25 пайызға қымбаттады

Сарапшылардың мәліметінше, бағаның өсуі бірінші Жамбыл облысында (плюс 2,5%), екінші Қостанай облысында (плюс 2,5%), үшінші Түркістан облысында (плюс 2,4%) байқалды. Ал ең аз ай сайынғы баға өсімі Шымкент қаласында (плюс 0,7%) тіркелді.

Energyprom.kz жазғандай, жылдық динамика бойынша бағаның өсуін көбіне Маңғыстау облысының тұрғындары сезінді (плюс 31,6%).

Сондай-ақ 2022 жылдың желтоқсанында жемістер мен көкөністер айына 5%-ға, жылына 21%-ға қымбаттады. Оның ішінде жылдық динамика бойынша жаңа піскен көкөніс 19,2%-ға, жаңа піскен жеміс 20,2%-ға қымбаттады.

Сонымен қатар сарапшылар сүт өнімдері бір жылда 31,3 пайызға қымбаттағанын нақтылап отыр. 2021 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда ет және ет өнімдері 16,6%-ға қымбаттаған. Бірінші санаттағы жұмыртқа жылына 22,9%-ға қымбаттап, он жұмыртқаның құны 481 теңгеге дейін өсті.

Макарон өнімдері бағасының жыл сайынғы өсуі 42%-ды құрады. 

Соңғы жаңалықтар

Бұл жекешелендірудің жөні бөлек

Экономика • Бүгін, 09:55

Этноауылдағы демалыс

Балалар • Бүгін, 09:50

Үздіктер қатарына енді

Білім • Бүгін, 09:45

Мамандығын мақтан еткен жиын

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:40

Кәсіпкерлердің күдігі мен үміті

Кәсіпкер • Бүгін, 09:35