Әлем • 18 Қаңтар, 2023

Филиппинде 7,3 балдық жер сілкінісі болды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Филиппиннің сейсмология қызметі бүгін Филиппиннің оңтүстігіндегі жағалауда 7,3 магнитудалы жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Филиппинде 7,3 балдық жер сілкінісі болды

Жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:06-да тіркелді. Зілзала ошағы Батыс Давао провинциясындағы Сарангани қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 352 шақырымдай жерде орналасқан. Қайнар көзі 64 км тереңдікте жатыр.

Сейсмологиялық орталықтың мәліметінше, тектоникалық жер сілкінісінен кейін ғимараттардың қирауы ықтимал. Жерасты дүмпуі Филиппиннің екінші үлкен аралы Минданаоның көптеген бөліктерінде сезілді.

Филиппин елі сейсмикалық белсенділігі жоғары Тынық мұхитының өрт сақинасында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар

Серт және дерт

Қоғам • Бүгін, 08:40

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Мәдени маусым басталды

Наурызнама • Бүгін, 08:20

Парапланды тізгіндеген

Қоғам • Бүгін, 08:15

50 балдырғанның тұсаукесері

Дәстүр • Бүгін, 08:10

Парасат майданының сардары

Тұлға • Бүгін, 08:00