Үкімет • 17 Қаңтар, 2023

Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтару жоспарланып отыр

Жайылымдық жерлермен қамтамасыз етпейінше мал шаруашылығын толыққанды дамыту мүмкін емес. Бұл – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей қатысы бар аса маңызды мәселе. Осыған байланысты, заңсыз берілген, бос жатқан жерлерді қайтарып алу жөніндегі арнайы Комиссия былтырғы сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Нәтижесінде өткен жылы мемлекет пайдасына 5,2 млн гектар жер қайтарып алынды. Оның ішінде 4,8 млн гектары – жайылымдық жерлер. Бұған Мемлекет басшысының Агроөнеркәсіп саласындағы микро және шағын бизнес субъектілеріне қатысты тексеру жүргізуге мүмкіндік беретін Жарлығы ерекше серпін берді.

Биыл тағы 5 млн гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр.

«Бұл орайда елді мекендердің маңында орналасқан ауыл шаруашылығы құрылымдарының жерлерін қайтарып алу маңызды. Оларды қоғамдық пайдалануға немесе жеке қосалқы шаруашылық кооперативтеріне беру қажет. Сонымен қатар елді мекендердің маңында жайылымдық жерлердің аз болуы жеке қолдағы мал басының өсуіне шектеу қойып отыр. Сондықтан жайылымдарды тиімді пайдалану үшін жағдай жасау қажет», деді Әлихан Смайылов.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше