Қазақстан • 15 Қаңтар, 2023

Полицейлер Алматы-Маңғыстау пойызындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлеуметтік желіде Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасындағы болған жанжалдың видеосы тарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полицейлер Алматы-Маңғыстау пойызындағы жанжалға қатысты түсініктеме берді

Ішкі істер министрлігі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.

«2022 жылғы 30 желтоқсанда Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлерімен Алматы-Маңғыстау бағытындағы жолаушылар пойызында поезд бастығы мен 37-жастағы жолаушы арасында орын алған құқықбұзылушылыққа қатысты  ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 1-бөлігі (Өзінше билік ету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған еді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс аумақ бойынша Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімімен тергеп-тексерілуде.

Бұған қоса, алғашқы тексеруде поездың 37 жастағы жолаушысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 204-бабы (Қоғамдық орында сауда сату) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ пойыз бастығы аз. Р-ға қатысты ҚР ӘҚБК-нің 434 бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деп жазылған Polisia.kz таратқан ақпаратта.

2023 жылғы 17 қаңтарда жоғарыда аталған әкімшілік істер Тараз қаласының Арнайы мамандырылған әкімшілік сотына жолданады.

Соңғы жаңалықтар

Тәуелсіздік қаласы

Ғалам ғажаптары • Кеше

Жойқын қаруды жойған шешім

Ғалам ғажаптары • Кеше

Бәсі жоғары дода

Спорт • Кеше

Зияткерлік байқау

Байқау • Кеше

Жаңа буынның көзқарасы мен танымы

Республика күні • Кеше

Өткен күнде белгі бар

Республика күні • Кеше