11 Маусым, 2014

Еуразиялық экономикалық одақ арқылы Еуропа нарығына шыға аламыз

232 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
ahmetbekov0202АСТАНА. 11 маусым. Еуразиялық экономикалық одақ Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік береді. Парламенті Мәжілісінің депутаты Жамбыл Ахметбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте осылай деді. Бұл туралы Today.kz хабарлады. Ж.Ахметбеков: «Бізге Еуразиялық экономикалық одақ арқылы өнімдерімізді үлкен нарыққа, яғни, 170 млн.-нан астам халық жасайтын нарыққа алып шығуға мүмкіндік туып тұр. Дүниежүзілік сауда ұйымына кірерде осы нарықты игерсек, біздің тауар өндірушілерге әлемдік нарықта жеңілдіктер болады. Кедендік одақ, Экономикалық одақ деген сөздерден қорқудың қажеті жоқ. Еуразиялық экономикалық одақ құру барысында біз тәуелсіздігімізді жоғалтамыз деген қорқыныштар негізсіз. Еліміз тәуелсіз мемлекет болып қалыптасты және солай болып қала береді», – деді. Жолдыбай Базар. Дереккөз: Today.kz. Фото: strategy2050.kz.