11 Маусым, 2014

Назарбаев университетінде ел дамуын жеделдететін 45 ғылыми жоба әзірленуде

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
abdikalikova03АСТАНА. 11 мамыр.  Жоғары білім көшбасшыларының ІІІ Еуразиялық форумында (EHELF) Үкімет басшысының орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова елімізді жеделдете дамытуға бағытталған 45 ғылыми жоба дайындалып жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы «ҚазАқпарат» хабарлады. Форумда Гүлшара Әбдіхалықова : «Қазірдің өзінде Назарбаев университетінде жаңартылатын энергетика, қоршаған орта, компьютерлік технологиялар, биохимия, роботтехникасы және физика сияқты бағыттар бойынша 45 ғылыми жоба әзірлену үстінде», – деді. Оның айтуынша, ғылым мен бизнес берік байланысы орнатса ғана, мемлекет қарқынды даму жолына түсе алады. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «ҚазАқпарат». Фото: news.ivest.kz.