Аймақтар • 11 Қаңтар, 2023

Түркістан полицейлері 80-нен астам көлікті қар құрсауынан шығарды

207 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысының полицейлері 9 қаңтардан бастап күндіз-түні күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркістан полицейлері 80-нен астам көлікті қар құрсауынан шығарды

ІІМ баспасөз қызметінің мәліметінше, жергілікті полиция оқиға орнынан хабарламалар таратып, тұрғындарды сақтандырып жатыр. Мәселен, Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 күнде 60-қа жуық автокөлікті қардан тазартып, жүріп кетуіне жәрдем еткен.

Сондай-ақ жол жиегіне шығып кеткен 12 жеңіл автокөлік пен 10 жүк көлігін қар құрсауынан сүйреп шығарып көмектескен. Республикалық маңызы бар жол болғандықтан полицейлердің қызметіне куә болған жүргізушілер тәртіп сақшыларының жедел әрекет еткеніне риза болып, алғыстарын білдіріп жатыр.