Оқиға • 11 Қаңтар, 2023

Алматы - Өскемен тасжолында 2 адам қаза тапты

211 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы – Өскемен тасжолында жол-көлік оқиғасы болды. Жол апаты салдарынан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алматы - Өскемен тасжолында 2 адам қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 11 қаңтарда Сарқан ауданында орын алды. Анықталғандай, оқиға орнында екі адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  

«Алматы – Өскемен автожолының 448 шақырымында жол-көлік оқиғасы болды. Hyundai Accent көлігінің 50 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы келе жатқан КамАЗ көлігімен соқтығысты. Оқиға орнында жеңіл автокөліктің жүргізушісі мен 34 жастағы жолаушы әйел қаза тапты», деп хабарлады облыстық ПД ППБ 5-взводының командирі Асхат Әмірхамзаев.