Қоғам • 11 Қаңтар, 2023

Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы өседі

376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысын орташа есеппен 20% -ға кезең-кезеңімен арттыру жалғасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биыл азаматтық қызметшілердің жалақысы өседі

Жалақыны көтеру бухгалтерлер, экономистер, заңгерлер, мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық персонал және тағы басқа мамандықтар бойынша жұмыс істейтін 600 мыңға жуық азаматтық қызметшіге әсер етеді.

Осылайша, 2022-2025 жылдар аралығында азаматтық қызметшілердің жекелеген санаттарының жалақысы 2 есеге ұлғаяды.