Хоккей • 08 Қаңтар, 2023

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралды» 5:1 есебімен ұтты

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Құрлықтық хоккей лигасының матчында «Барыс» сырт алаңда «Адмиралмен» ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚХЛ: «Барыс» «Адмиралды» 5:1 есебімен ұтты

Қиыр Шығыс құрамасының қазақстандық легионері Валерий Орехов матчта есеп ашқанымен, бірінші кезең аяқталмай жатып оны канадалық Алекс Грант теңестірді. Ойын барысында ол тағы үш рет гол соқты. Матчтың нүктесін Егор Петухов қойды. Есеп 5:1.

«Барыс» 48 ұпай жинағанымен Шығыс конференциясының сегізінші қатарында қалды, «Адмирал» клубы да 55 ұпаймен өз орнында қалды.

Ертең командалар екінші кездесуін өткізеді. Ойын Астана уақытымен 15:30-да басталады.

Бұл астаналық клубтың 2023 жылғы екінші жеңісі. Бұған дейін Барыс өз мұз айдынында «Металлургті» ұтса, кейін «Амурдан» екі рет сырт алаңда жеңіліп қалды.