Қоғам • 05 Қаңтар, 2023

Қаңтардағы тәртіпсіздік: 18 адамға айып тағылды

242 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бас прокурор Берік Асылов Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастыру фактісі бойынша 18 адамға айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаңтардағы тәртіпсіздік: 18 адамға айып тағылды

Бүгін Мәжілістегі кезектен тыс тыңдаулар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады.

Парламент отырысында журналистер Бас прокурорға ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов өз мүддесі үшін әрекет етті ме, әлде біреудің тапсырмасын орындады ма деген сауал қойды.

«Бұл істер өте құпия түрде тергелуде. Сондықтан мен бұл нақты сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жіберер едім. Біз тәртіпсіздікке қатысты 18 іс қозғадық», деді Б.Асылов.

Мәжілістегі тыңдаулар барысында Бас прокурор қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның экс-орынбасары Әнуар Садықұлов сот ғимаратын босату туралы бұйрық бергенін айтты. 

Сондай-ақ Бас прокуратураның ресми YouTube арнасында 2022 жылдың қаңтар айында орын алған тәртіпсіздіктерге арналған фильм жарияланды.