Саясат • 05 Қаңтар, 2023

Жылдың алғашқы пленарлық отырысында қаңтар оқиғасы сараланады

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 10:00-де Парламент Мәжілісінде 2023 жылдың бірінші пленарлық отырысы басталды. Жиын қаңтардағы оқиғаларға арналған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылдың алғашқы пленарлық отырысында қаңтар оқиғасы сараланады

Пленарлық отырыс басталар алдында сағат 9:00-де мәжіліс залында арнайы көрменің жұмысы ұйымдастырылды.

Пленарлық отырыс барысында Ерлан Қошанов қаңтар айындағы оқиғаларда қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алуды ұсынды.

Бас прокурор Берік Асылов «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының 2022 жылғы қаңтарда болған қайғылы оқиғалар туралы сұрауына ауызша жауап береді деп күтіледі.