Қоғам • 28 Желтоқсан, 2022

Қазақстанда электромобиль инфрақұрылымы дамиды

480 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің депутаттары палатаның жалпы отырысында электромобильдерді танымал етуді көздейтін заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда электромобиль инфрақұрылымы дамиды

Мұндай норма «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экологиялық таза көлікті танымал ету және электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында қамтылған.

Мәжіліс депутаты Александр Милютин заң жобасын депутаттар экологиялық таза көлікті насихаттау мақсатында бастамашылық еткенін айтты.

«Заң жобасын қабылдау электромобильдер үшін инфрақұрылымды дамытуға, экологиялық таза көлікті пайдалануға жағдай жасауға, электр зарядтау станцияларын орнату жөніндегі қызметті реттеудің құқықтық тетіктерін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексте электромобильдерді тоқтату немесе тұраққа қою үшін белгіленген орындарда автокөлікті тоқтату немесе тұраққа қою ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған», деді Мәжіліс депутаты Александр Милютин.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35