Қоғам • 27 Желтоқсан, 2022

Таразда өртенген тұрғын үйден 32 адам эвакуацияланды

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түнде Тараз қаласының кезекші пультіне Сағындықов көшесіндегі 5 қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт болғаны туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таразда өртенген тұрғын үйден 32 адам эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер дереу өрт орнына шықты. Сағат 01:49-да өрт толығымен сөндірілді. ТЖД күшімен 32 адам, оның ішінде 6 бала эвакуацияланды. Оқиға орнына 14 адамнан тұратын ТЖД күштері мен құралдары және 3 бірлік техника жұмылдырылды. 1930 жылы туған әйел ауруханаға жатқызылды.

Өрттің себебі - отты абайсыз пайдалану.