Спорт • 19 Желтоқсан, 2022

Сергейдің сенімді жеңісі

365 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жектен АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында ұйымдастырылған UFC Fight Night кешінде қазақстандық файтер Сергей Морозов (19-5) атал­ған ұйымдағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.

Сергейдің сенімді жеңісі

Жекпе-жек кешінің шымылдығын 33 жастағы жерлесіміз С.Морозов пен жергілікті спортшы Джурни Ньюсон (10-4-0-1) ашып берді. Үш раундқа жоспарланған алғашқы айқаста жерлесіміз қарсыласына қарағанда дәл соққыларды көп жұмсап, нәтижесінде үш төреші де жеңісті бірауыздан отандасымызға берді – 30-27, 29-28, 29-28. Бұл – Сергейдің UFC ұйымындағы үшінші жеңісі. Бұған дейін ол бес айқаста қарсыласынан жеңілген еді.

Өкінішке қарай, UFC-де өнер көрсететін Орынбордың қазағы Дамир Исмағұлов (24-2) бұл кеште жеңіліп қалды. Әлем­дік рейтингте тоғызыншы орында тұрған Арман Царукянмен (19-3) жұдырықтасқан Дамир үш төрешінің бірауыздан шығарған ше­шімімен қарсыласына жол берді.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Қайта түлеген спорттық инфрақұрылым

Университет • Бүгін, 08:12

ЖИ-аватар

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Білім нысандарын аралады

Аймақтар • Бүгін, 08:03

Робот-полиция

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:00

Жедел жәрдем автопаркі жаңарды

Аймақтар • Бүгін, 07:55

Бұйырмаған қазы

Ең қысқа әңгіме • Бүгін, 07:50

Сирек аңдармен толықты

Алматы • Бүгін, 07:45

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:35

Аян

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 07:30