Естеріңізге сала кетсек, кеше Алматы қаласында Красногорская көшесі, 4/1 мекенжайында орналасқан жатақхананың бірінен өрт шыққан болатын. Әскери қызметші ол туралы таныстарынан естіп, ойланбастан оқиға орнына барған. Көрші ғимараттың отқа оранған 2-ші қабатын көрген сержант Жандос Барлыбаев терезе торларымен екінші қабатқа көтеріледі. Ол жерден 12-13 жастағы баланы, төрт айлық нәрестені алып шығып, сондай-ақ анасының жанып жатқан ғимараттан шығуына көмектесті.
Қорғаныс министрінің бұйрығымен Құрлық әскерлері Әскери институтының әскери қызметшісі 3-сыныпты сержант Жандос Барлыбаев ерлігі үшін «Ел қорғаны» медалімен марапатталды. Бүгін марапатты қорғаныс ведомствосы басшысының атынан Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Алмаз Жұмакеев табыстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ұлы дала жорығы: Үшінші маусым басталды
Ұлттық спорт • Бүгін, 14:06
Жаңаарқада Ұлттық ұлан батырын еске алуға арналған турнир аяқталды
Бокс • Бүгін, 13:13
ҚазҰУ-да коммуникация технологиясын дамыту зертханасы ашылды
Университет • Бүгін, 12:34
Аграрлық университетте САU филиалын құру келісіміне қол жеткізілді
Университет • Бүгін, 11:45
Құлсарылық 250 тұрғын мүлік залалын бағалау нәтижелерімен танысты
Аймақтар • Бүгін, 11:16
«Махамбет-Индер» жолы уақытша жабылды
Аймақтар • Бүгін, 09:55